Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру — жауапкершілікті сақтандырудың ішкі саласы. Объектісі: сақтанушынын заң бойынша зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғанын алдындағы жауапкершілігі. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша зардап шегушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) сақтанушының кінәсынан болған жазатайым оқиғадан олар мертіккен немесе қаза тапқан, опат болған мүлкіне зақым келтірілген жағдайда азаматтық құқық бойынша өндіріп алынған ақшалай сома мөлшерінде зардап шегушілердің (Немесе олардың құқықтық мирасқорларының) пайдасына төлем төлеуге тиіс. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру автокөлікқұралдарының иелеріне, өнеркәсіп орындары мен қауіптілігі жоғары басқа да көздерге, сондай-ақ айналасына зиян келтіруі мүмкін белгілі бір кәсіптермен айналысушы адамдарға қолданылады. Көптеген елдердің заңнамасында көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру көзделген. Бұл сақтандыруды сондай-ақ үйлердің, ойын-сауық мекемелерінің, сауда кәсіпорындарының, құрылыс ұйымдарының иелері, жеке кәсіппен айналысушы адамдар - дәрігерлер, заңгерлер, бухгалтерлер де (Мысалы, кәсіби қателіктер жағдайына) пайдаланады. Жазатайым оқиға еңсерілмейтін күш салдарынан болса немесе сақтанушының қасақана әрекеттерінен туындаса, Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудың күші қолданылмайды.[1]