Агрохимиялық талдау
Агрохимиялық талдау — топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, гербидидтердің, а. ш. дақылдары зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамын зерттеудің зертханалық әдісі. Топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін топырақ анализі жүргізіледі. Өсімдік анализі өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі мен оларға қажет заттардың айналымын арнайы егістік тәжірибелерімен анықтайды. Агрохимиялық талдауды осы кезде жер-жерлерде ұйымдастырылған арнайы агрохимиялық қызмет мекемелері жүргізеді. Олар анализ негізінде ірі масштабты агрохимиялық картограммалар жасап, тыңайтқыштар, гербицидтер, у-химикаттар қолдапудың ең тиімді әдістерін ұсынады, мол өнім алудың жолдарын іздейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |