Агрессия (саясат)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Агрессия[1] (лат. agressio - шабуыл) - мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған, БҰҰ- ның Жарғысына қайшы келетін тікелей немесе жанама күш қолдану.[2] Агрессия ұғымы 1974 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Агрессия белгілі бір мемлекет екінші бір мемлекетке қатысты бірінші болып күш қолданғанда орын алады. Қарулы шабуыл - аса қауіпті түрі. Бірақ агрессия экономикалық, идеологиялық, психологиялық түрлері де кездеседі. БҰҰ-ның Жарғысы агрессияны айыптайды. Қазіргі халықаралық құқық талаптарына сай агрессия актілері үшін жауапқа тартылады. Бұл тұрғыда қолданылатын санкциялар саяси, экономикалық, қылмыстық, өнегелік сипат алуы мүмкін. Агрессияның алдын алу - кез келген мемлекеттің, халықтың, бейбітшілікті сүйгіш демократиялық күштердің басты парызы.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3