Автоматты жүйе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Автоматты жүйе — басқарылатын объекті мен автоматты басқаратын құрылымның объектілерді (ұшу аппараттарын, күштік қондырғыны, генераторды және т.б.) адамның қатысуынсыз басқаруды қамтамасыз ететін өзара әрекетті механизмдер кешені. Басқару принципі бойынша автоматты жүйе тұйықталған циклді (басқару мақсаты мен оның нәтижесі туралы ақпарат пайдаланылады) және жазылған циклді (басқару нәтижесі туралы ақпарат пайдаланылмайды) болып бөлінеді. Автоматты жүйе ракеталарды, ұшақтарды, тіқұшақтар мен басқа да әскери техниканы басқару жүйесінде кең қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл