Абылай хан даңғылы (Астана)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Абылай хан даңғылы.

Абылай хан даңғылы. Абылай хан даңғылы Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана тасжолына дейін жалғасады. Ол І.Жансүгіров, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Арқайым, Бурабай, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 4994,7 м.

Абылай хан (1711-1781) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақтың даңқты ханы. Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Абылайдың шын есімі - Әбілмансұр. Жасынан Төле бидің тәлімтәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал етті. Қазақ даласының даналығын бойына жинап, ақыл-парасатымен, ел билеу қабілетімен дараланған Төле би қазақ халқы анталаған жауға басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білді. 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпежекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. Атасының аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Осылайша Абылай хан қазақ халқының жадында қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, майталман мәмілегер ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді Жәңгірұлы, М.Жүмабаев жырларында, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, т.б. ақынжазушылардың шығармаларында сомдалды.

Бұл даңғылда «Әділ» дүкені, «Сұлтан Бейбарыс» мейрамханасы, «Гүлжан» сауда үйі, «Мирас» мектебі, Республикалық клиникалық аурухана, Ұлттық ғылыми медицина орталығы орналасқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]