Абылай Серғазиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Абылай Серғазиев (1896, Самарқан губерниясы1937) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Самарқандағы орыс-түзем мектебін бітірген. 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і Катта-Қорған уездік революциялық комитетінің төрағасы, Самарқан және Сырдария облыстарының атқару комитеттерінің төрағасы, 1922 жылы басмашылармен күрес жөніндегі Төтенше үштіктің төрағасы болды. 1924 – 25 жылдары Өзбек КСР Ішкі істер халық комиссары, 1925 – 27 жылдары Қазақ АКСР ХХК төрағасының 1-орынбасары, республика жоспарлау комиссиясының төрағасы, 1927 – 28 жылдары Қазақ АКСР Су шаруашылық басқармасының бастығы, 1928 – 35 жылдары Орта Азия Экономика кеңесі төрағасының 1-орынбасары, 1936 – 37 жылдары КСРО ХХК жанындағы Дайындау комитетінің Иванов облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған. 1937 жылы тамызда тұтқындалып, атылу жазасына кесілген. 1957 жылы қарашада ақталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том