Абсолют

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Абсолют (лат. absolutus) — мәңгілік, шексіз, өзгеріссіз, тұрақты деген ұғымдар жиынтығын білдіретін түсінік. Абсолют — жалқы, мәңгі және ол барлық салыстырмалы шарттылықтарға қарама-қарсы. Философиялық айналымға Абсолют терминін 18 ғасырдың ақырында М.Мендельсон мен Ф.Якоби енгізді. Кейін Ф.Шеллинг пен Г.Гегельдің философиялық жүйелері негізінде Абсолют "жеке", "апейрон", "логос", "дао", "субстанция", "жалпы субстанция" деген түсініктерді біріктіретін категорияға айналды. Абсолют туралы дін мен философияда екі көзқарас қалыптасқан:

  1. Апофатикалық (терістеушілік) — Абсолют туралы нақты ештеңе айтуға болмайды, ол тек қана мәндік қасиетке ие;
  2. Катафатикалық (нақтылық) — Абсолют көптеген жетістіктерге ие (Абсолютті қарапайымдылық, Абсолютті күрделілік т.с.с.) деп дәлелдейді.

Философияның өз ішінде де Абсолют туралы түсінік біртекті емес. Кейбір философтар мәселен, И.Г.Фихте Абсолютті “Мен” деп түсінеді, ал Г.В.Гегель үшін ол дүниелік парасат (абсолют рух), А. Шопенгауэрде — ерік, А. Бергсонда — түйсік. Материалист философтар Абсолютті материя деп түсінеді. Материалдық бастауларды мәңгі өзгеріп тұратын дүниенің негізі ретінде ұғады.[1]

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Абсолют ұғымы Тәңірмен, кейін Алламен (Хақпен) байланыстырылған. Қазақ дүниетанымында (мысалы, қ. Йасауи ілімінде) Алла ғана мінсіз, пенде атаулы сол Абсолютке жақындауға ұмтылуы қажет.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2