Абрам Борисович Ранович
Абра́м Бори́сович Рано́вич | |
Абра́м Бори́сович Рабино́вич | |
Туған күні |
3. 12. 1885 |
---|---|
Туған жері |
Житомир,КСРО |
Қайтыс болған күні |
29. 5. 1948 |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы |
Антикалық тарих |
Марапаттары |
|
Ранович Абрам Борисович (лақап аты — Ранович; шын жөні — Рабинович) , 3(15). 12. 1885, Житомир,—29. 5. 1948, Мәскеу)—көне заманды зерттеуші кеңес тарихшысы, тарих ғылымының докторы (1937). Мәскеу мемлекет университетінің профессоры (1937—41), КСРО ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері (1938—48). Иудаизм мен ертедегі христиан тарихына арналған бірнеше еңбектердің авторы. Өмірінің соңғы жылдары көне замандағы Жерорта теңізінің шығысындағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеген. Рановичтің «Эллинизм және оның тарихи рөлі» (1950) атты еңбегінде эллинизм көне замандағы құл иеленуші қоғам дамуының белгілі бір кезеңі неғұрлым толық дәлелденді. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том