Абиссаль шөгінділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Абиссаль шөгінділер

Абиссаль шөгінділер — мұхиттың абиссаль аймағында 2—4 км астам тереңдікте жиналатын теңіз шөгіндісі. Ол Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының түбінің 40 проценттейін алып жатады. Абиссаль шөгінді теңіздегі ұсақ организмдердің ізбес жөне кремний қаңқаларынан пайда болады. Абиссаль шөгіндінің ішінде органогендік тұнбалар мен минералдық шөгінділер көбірек ұшырасады. Ұғымды 1907 жылы неміс зерттеушісі О. Крюммель енгізген. Ол Абиссаль шөгінділер қатарына негізінен 3-4 км тереңдікте түзілетін қызыл түсті тереңсулық саздар мен радиолярийлік лайларды жатқызған. Алайда бұл түсінік тереңсулы мұхит төсенішін көмкеретін барша шөгінділер мен тұнбалар үшін, соның ішінде 4-6 км тереңдікте түзілетін пелагиальдық саздарға да қолданылады. Абиссаль шөгінділер полигендік құраммен сипатталады. Олар әдетте күшті тотыққан қоңыр түсті, сирегірек кірпіш — қызыл түске боялған карбонатсыз лай түрінде кездеседі. Сондай-ақ Абиссаль шөгінділері мұхит пен теңіздің жағалаудан қашық аудандарына су ағысымен немесе жел күшімен жеткізілген ұсақ дисперсиялық терригендік және жанартаукластикалық материалдар есебінен де түзіледі. Бірақ оның құрамында темірдің (3-10% ) және марганецтің (0,23%) айтарлықтай мөлшерде болуы мүмкін. Соңғы жағдайда Абиссаль шөгінділері темірлі-марганецті конкрециялар түрінде болады. Ал оның құрамында аталған металдардың концентрациясы жоғары болса, олар темір-марганец кендерін түзе алады. Абиссаль шөгінділері құрамында органикалық заттар аз мөлшерде (0,5%-тен аз), керісінше кейбір микроэлементтердің (Сo, Nі, Cu, Pb, Mo, т.б.) концентрациясы біршама жоғары болып келеді.

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]