Абдолла Байтасов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Абдолла Байтасов (1901 жыл, Ақмола губерниясы Петропавл уезі Ортақшылдар болысы, қазіргі Амангелді ауданы — өлген жылы белгісіз) — қоғам қайраткері.

  • 1917 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген.
  • Алаш қозғалысын қолдап, Қазақ комитеттерін құруға атсалысқан.[1]
  • 1921—1923 жылдары Петропавл қаласында “Бостандық туы” газеті редакциясында
  • 1923 жылы Ташкенттегі жұмысшы факультеті мен Қазақ халық ағарту институтында қызмет етті.
  • 1924—1927 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің студенті.
  • 1928 жылы “Ақ жол” газеті редакциясының ғылым мен техника бөлімін басқарды.
  • М. Жұмабаевпен бірге “Алқа” әдеби ұйымын құруға қатысты.
  • 1929 жылы қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, 1930 жылы 4 сәуірде ОГПУ “үштігінің” ерекше қаулысымен Архангельскіге жер аударылды.
  • Байтасов өз заманының білікті қаламгері болды. “Жас алаш”, “Жас қайрат”, “Еңбекші қазақ” газеттерінің белсенді авторы ретінде танылды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
  2. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7