Ішашхан Байбатырұлы
Ішашхан Байбатырұлы[1](1938 жыл, Моңғолия, Баян-өлгей аймағы, Қызылтөбе мекені - 2000) - қазақ жазушысы.
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1964 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. 1964-1982 жж. Моңғолия Қазақстан жазушылар одағының қазақ бөлімшесін басқарып, әдеби «Шұғыла» журналының редакторы, 1982- 1988 жылдары. Моңғол Халық Республикасының Министрлер кеңесі жанындағы цензураның аймақтық өкіл-редакторы, 1991-1992 жылдары орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. 1992 жылы атамекені Семей облысының Мақаншы ауданына көшіп келді. Мақаншы аудандық оқу бөлімінде оқу ісінің инспекторы болып қызмет атқарды.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көптеген еңбектердің авторы. 2 кітабы қазақ тілінде, 3 кітабы моңғол тілінде басылған, 3 пьесасы сахнада қойылған. Шығармалары орыс, болгар, серб, мажар, бурят, алтай тілдеріне аударылған.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 жылы Моңғолия Қазақстан жазушылар одағының сыйлығын алып, 1989 жылы Моңғол Халық Республикасының Алтын Жұлдыз орденімен марапатталған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Анарыс” баспасы, 2009 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|