Ідіріс Үргенішбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ідіріс Үргенішбаев
Қызметі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, жаяу әскер.
Туған күні 22 қыркүйек 1912 жыл(1922-09-22)
Туған жері Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Азаматтығы  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Қайтыс болған күні 1944 жыл(1998)
Марапаттары

Ідіріс Үргенішбаев (22.09.1912 −1944) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, жаяу әскер, Кеңес Одағының Батыры (1944).

1912 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Талдықұм ауылында туған. 1942 жылғы қаңтар айында қызыл әскер қатарына шақырылып, қысқа мерзімдік әзірлік оқуынан кейін Орталық майданда ұрысқа қатынасты. Фашистердің батальонға 22 рет қарсы шабуыл жасаған кезінде Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. Парторг бастаған кеңес сарбаздарының бір шағын тобы жаумен найзаласып, әрі мылтық дүмімен де қимыл жасап, дивизияның негізгі күштері келгенше плацдармды қолдан шығармады.

1944 жылғы 15 қаңтарда бөлімше командирі, сержант Ідіріс Үргенішбаевқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]