«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапкандар» мемориалы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапкандар» мемориалы
Орналасуы

Қазақстан, Қостанай

Жоба авторы

Леонид және Муза Белоусовтар

Түрі

Мемориал

Биіктігі

7,4 метр

Ашылған кезі

1968 жыл

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалы1968 жылы Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш-мемориал салтанатты түрде ашылды. Оны жергілікті мүсіншілер Леонид Прокопьевич пен Муза Александровна Белоусовтар сомдады. Сол күні Мәңгілік алау жағылды.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалы - төмен түсірген оң қолында автомат, сол қолындағы лавр бұтағын жоғары көтерген жауынгердің асқақ бейнесін көрсетеді. Лавр жеңіс пен татулықтың, демек, соғыстың аяқталғанының нышаны. Мүсіннің жалпы биіктігі – 7 м. 40 см. Мүсін жоғары сапалы цементтен, мәрмәр үгіндісі, дюралюминийден жасалып, гранит тақталармен қапталған үш сатылы тұғырға орнатылған.

Жауынгер мүсінінің артқы жағында соғыста қаза тапқан қостанайлық жауынгерлердің аты-жөні жазылған мәрмәр тақталар орнатылған мемориалды қабырға (ұзыңдығы -18 м, ені - 5 м) орналасқан.

Жеңімпаз жауынгер мүсінінің алдында мәңгілік алау орналасқан. Тұғырбет тікбұрышты, екі сатылы, тас төселген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]