Әбілпейіз сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Әбілпейіз бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әбілпейіз баһадүр сұлтан
Лауазымы
Найман тайпасының қаракерей руының сұлтаны
1744 — 1783
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1783 (1783)
Әкесі Әбілмәмбет хан
Балалары ұлдары:
Бопы сұлтан
Жошы сұлтан
Шыңғыс
Ағадай
Шахмұхаммед

Әбілпейіз сұлтан (толық есімі Әбілпейіз баһадүр сұлтан, жазба деректерде Абдулфеиз, Абулфаиз, Абулфеис, туған жылы белгісіз — 1783) — сұлтан, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі. Әбілмәмбет ханның ұлы.

1742 жылы әкесінің шешімімен жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ордасына аманат ретінде жіберілген. 1744 жылдың басында Жоңғариядан оралып, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі атанды. Қол астындағы халықтың жерлері шығысында, алдымен, ойраттармен, кейін Цин империясымен шектесетін (Шыңғыстау тауы, Аягөз, Көкше, Шыңғыс, Шаған өзендері). 1757 жылы Абылай сұлтанмен бірге Цин империясымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Пекинге өз елшілігін аттандырған. Өмірінің соңына дейін Шыңжаң билеушілерімен саяси және экономикалық байланыстарды сақтап келді. 1760-шы жылдардың бірінші жартысында қол астындағы рулардың Ресеймен саяси және экономикалық байланыстардың тұрақтылығын қолдаған. 1762 жылдың қаңтарында ресей императоры ІІІ Петрге хат жолдап, қазақтардың Орталық Азиядан келген және орыс көпестерімен арасындағы сауда-саттықты жүзеге асыратын тұрақты айырбас сауда пунктін ұйымдастыруды өтінген. Сұлтанның өтінішіне сәйкес 1764 жылдың жазында Семипалатинск бекінісінен 15 шақырым жерде (Ертістің сол жағалауы) айырбас ауласы ашылып, жергілікті халыққа ресей, ортаазиялық, қашғар көпестерімен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік берді. Берік әрі батыл мінезімен ерекшеленгенімен (цин шенеуліктерінің анықтамасы бойынша «қыңыр, тәкаппар»), Әбілпейіз сұлтан, сонымен бірге, прагматикалық, парасатты адам ретінде танымал болды. Осы қасиеттердің арқасында ол 40 жыл бойы иеліктеріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, қол астындағы Орта жүз қазақтарының көршілерімен сауда-экономикалық байланыстарын дамыта алды. Сұлтанды жеке білген әскери инженер әрі танымал семейлік өлкетанушы И.Г.Андреевтің тұжырымдамасы бойынша, Әбілпейіз сұлтан Орта жүздегі ең беделді, ең ақылға қонымды тұлға болған. Әбілпейіз сұлтан 1783 жылы өз иеліктерінде қайтыс болды. Бір жылдан кейін Бопы сұлтан әкесін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерлеген. Әбілпейіз сұлтан ұлдарының бізге белгілері: Бопы, Жошы, Шыңғыс, Ағадай, Шамамет.

Әбілпейіз сұлтанның Цин елшісі Нусанға хаты (1758)
Әбілпейіз сұлтанның император ІІІ Петрге хаты (1762)
Әбілпейіз сұлтанның Іле амбандарына (шенеуліктеріне) хаты (1771)
Әбілпейіз сұлтанның Тарбағатай кеңесшісі Хуэй Линге хаты (1781)
  • Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков / Составление, транскрипция скорописи XVIII в. и комментарии И.В. Ерофеевой. Алматы., 1998.
  • Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце XVI - первой половине XIX вв. М.: Наука, 1976.
  • Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Букейхан А. Избранное / Гл. ред. Р. Нургалиев. Алматы, 1995.
  • Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО "АБДИ Компани", 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
  • Коншин Н.Я. Материалы для истории Степного края // Памятная книжка Семипалатинской области на 1900 г. Семипалатинск, 1900. Вып. 4. С. 1-76.
  • Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]