Құрайыш әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Құрайыш бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құрайыш әулетіИсмаил пайғамбар ұрпақтарынан тараған әулиет. Құрайыш әулеті Фихр ибн Мәликтің лақап аты. Ол Мұхаммед пайғамбардың ﷺ он бірінші атасы. Құрайыш әулетінен Жамх, Саһм, Удей, Тәйм, Құсай, Заһра аталары тарайды. Мұхаммед пайғамбар ﷺ Құсай тұқымынан саналатын һашим ұрпағынан шыққан. Құрайыш әулеті 440 жылдан бастап Мекке қаласына толық иелік етті. Құрайыш әулеті Қасиетті Қағбаның қарауылы мен қызметшілері болып есептелді. Құран Кәрімнің 106-сүресінде Құрайыш әулетіне қатысты оқиға берілген. Мұнда Эфиопия жерінен Мекке қаласына 571 ж. Қағбаны бұзу үшін келген Әбраһа бастаған христиандар туралы айтылады. Соғыста тығырыққа тірелген Құрайыш әулеті жаратушыға жалбарынып, қасиетті үйді Аллаһқа тапсырады да, өздері тау басына шығып кетеді. Құрайыш әулетінің тілегін Аллаһ қабыл етіп, жаудың тас-талқаны шығады. Құрайыш әулетінің сол тұстағы басшысы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ атасы Абд әл-Мутталиб болған.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы