Қызбелтау
Қызбелтау | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі |
Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығы |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
60 км |
Ені |
15 км |
Биіктігі |
232 м |
Орналасуы | |
50°57′08″ с. е. 64°17′35″ ш. б. / 50.95222° с. е. 64.29306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°57′08″ с. е. 64°17′35″ ш. б. / 50.95222° с. е. 64.29306° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан,Қостанай облысы Науырзым және Жангелді аудандары жерінде |
| |
|
Қызбелтау, Қызылбелтау — Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес таулар тізбегі.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қостанай облысы Науырзым және Жангелді аудандары жерінде, бойлық бағытта 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 232 м, салыстырмалы биіктігі 60-80 м. Беткейлері жыра-сайлармен қатты тілімделген. Онда бұлақтар, қайнар көздер көптеп кездеседі. Шығыс және оңтүстік етектері құлама жарқабақтанып, Торғай қақпасына тіреледі. Солтүстігінде жазық келген Қарт қонысы, оңтүстігінде Сарықопа көлдері жатыр.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызбелтау жоғары олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды, қарбонатты жыныстарынан түзілген; дөң бетін палеогеннің теңіздік шөгінділері жапқан.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тау беткейлерінде бетеге, жусан, селеу өседі. Мал жайылымына қолайлы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5