IV Эдуард

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Эдуард IV бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эдуард IV
ағылш. Edward IV
IV Эдуард
Эдуард IV
Англия королі, Эдуард IV-нің елтаңбасы
Лауазымы
Ту
Ту
Англия королі
Ту
Ту
4 наурыз 1461 — 3 қазан 1470
Тәж кигізу жорасы 28 маусым 1461
Ізашары Генрих VI
Ізбасары Генрих VI
11 сәуір 1471 — 9 сәуір 1483
Ізашары Генрих VI
Ізбасары Эдуард V
7-ші Марч графы
1445 — 4 наурыз 1461
Ізашары Ричард Плантагенет
Ізбасары Эдуард Йорк (жаңа лауазым)
4-ші Йорк герцогы
30 желтоқсан 1460 — 4 наурыз 1461
Ізашары Ричард Плантагенет
Ізбасары Ричард Шрусбери (жаңа лауазым)
Өмірбаяны
Діні католицизм
Дүниеге келуі 28 сәуір 1442 (1442-04-28)
Руан
Қайтыс болуы 9 сәуір 1483 (1483-04-09) (40 жас)
Уэстминстер, Үлкен Лондон, Англия
Жерленді Әулие Георгий шіркеуі
Династия Йорктер
Әкесі Ричард Плантагенет
Анасы Сесилия Невилл
Жұбайы Елизавета Вудвилл
Балалары ұлдары: Эдуард V, Ричард, Джордж
қыздары: Елизавета, Мэри, Сесилия, Маргарет, Анна, Кэтрин, Бриджит
Шайқасы Жүзжылдық соғыс
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Эдуард IV Ортаққорда

Эдуард IV (ағылш. Edward IV; 28 сәуір 1442, Руан - 9 сәуір 1483, Уэстминстер, Үлкен Лондон) — Алқызыл мен Ақ раушан соғысы кезінде билікті басып алған 1461—1470 және 1471—1483 жылдары Англия королі, Плантагенет тармағының Йорк әулеті өкілі. Йорк әулетінен шыққан бірінші король.

Йорк герцогы, Ричард пен Сесилия Невиллдың үлкен ұлы. 1460 жылы Уэйкфилд түбіндегі шайқаста әкесінің қаза болуына байланысты Кембридж, Марч, Олстер графы мен Йорк герцогы титулын мұраланып, Ақ раушан тобын басқарды. 1461 жылы он сегіз жасында қуатты жиені Уорик графы, Ричард Невиллдың қолдауымен ағылшындардың тоғына отырды. Осы жылы йорктер Мортимерс-Кросс пен Таутон түбіндегі шайқастарда жеңіске жетті. Соңғы шайқастың нәтижесі бойынша ланкастерлердің күші талқандалып, Генрих VI мен Маргарита елден қашты (король көп ұзамай ұсталып, Тауэрде қамалды).

1470 жылы ланкастрлар жағына өткен Уорик графы («Патшаларды жасаушы») мен Кларенс герцогы (Эдуард IV-нің інісі) Генрих VI-ны таққа қайта отырғызумен белсенді әскери әрекеттер қайта жанданды. Эдвард IV және оның басқа бауыры Ричард, Глостер герцогы екеуі Бургундияға қашты, одан 1471 жылы оралды. Кларенс герцогы тағы да ағасының жағына өтіп, йорктер Барнет пен Тьюксбери түбіндегі шайқастарда жеңіске жетті. Осы шайқастардың біріншісінде Уорик графы қаза тапты, ал екіншісінде - Генрих VI-нің жалғыз ұлы ханзада Эдуард қаза болды, сол жылы Тауэрдегі Генрих VI-ның өлімімен (мүмкін, біреу өлтірді) бірге Ланкастер әулетінің соңы болды.

Эдвард IV-нің сыртқы саясаты сәтсіз болып саналуы мүмкін. Ганзамен шиеленіскен қақтығыс теңізде қарақшылық соғысын тудырды (1470-1474 жж.), осы ағылшындарға қолайсыз болған Утрехт келісіміне қол қоюмен аяқталды. 1475 жылы Жүзжылдық соғыстағы жеңілісі үшін кек алғысы келді және Раушан соғысында Ланкастерді қолдағаны үшін Франция патшасынан кек алу мақсатымен король Францияға әскери жорық жасады, бірақ ол да үлкен жетістікпен аяқталмады.

1478 жылы патшаның інісі Кларенс герцогының қастандығы ашылды. Ол Эдуардтың билігін құлатуға дайындалды деп айыпталып, Тауэрде қамалып, кейіннен өлім жазасына кесілді. Кейінірек өте танымал болған бір нұсқаға сәйкес, герцогқа жазаны өзі таңдау құқығы берілді және ол малвазия бөшкесіне батып өлуді таңдады. Сірә, бұл аңыз. Герцогты нақты қалай өлім жазасына кесілгені белгісіз, өйткені бұл жасырын түрде жасалды. Патша Джордждың көпшілік алдында өлім жазасына кесілгенін қаламады, өйткені бұл билеуші әулетті масқаралайтын еді.

Эдуард IV өзінің азғындығымен және ішімдікке тойымсыздығымен танымал болған. Атап айтқанда, үлкен жанжалды оның Джейн Шормен байланысы тудырды, ол бұдан басқа Гастингс графы және королдің өгей баласы, Дорсет маркизінің көңілдесі болды.

Эдуард IV 1483 жылы 9 сәуірде күтпеген жерден қайтыс болғанға дейін билік етті, содан кейін оның ұлы Эдуард V қысқа уақытқа патша болды.

Эдуард IV және оның арғы атасы Эдмунд Лэнгли, әулеттің негізін қалаушы - Йорк әулетінің жалғыз еркек өкілдері (табиғи жағдайда қайтыс болған сәбилерді есептемегенде), тоғыз Йорк зорлықпен өлді: 1415 жылы - Кембридж графы, Ричард өлімге кесілді, оның ағасы 2-ші Йорк герцогы, Эдуард Азенкур түбіндегі шайқаста қаза тапты; 1460 жылы - 3-ші Йорк герцогы, Ричард және оның 2-ұлы Ратленд графы, Эдмунд Уэйкфилд түбіндегі шайқаста қаза болды; 1478 жылы - Кларенс герцогы, Джордж ағасы Эдуард IV-нің бұйрығымен Тауэрде өлім жазасына кесілді; 1483 жылы немесе біраз уақыттан кейін - жасөспірім-ханзадалар Эдуард V және Йорк герцогы, Ричард Тауэрде жоғалып кетті (бір нұсқа бойынша, Ричард III, басқа нұсқаға сәйкес - Генрих VII Тюдор, ал үшінші нұсқа бойынша - Генри Стаффорд, 2-ші Бекингем герцогы оларды өлтірді); 1485 жылы - Ричард III Глостер Босворт түбіндегі шайқаста қаза тапты; 1499 жылы - Генрих VII-нің бұйрығымен Кларенстің ұлы, 17-ші Уорик графы, Эдуард өлім жазасына кесілді.

Некесі мен балалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелі: 1 мамыр 1464 жылдан бастап 1-ші Риверс графы, Ричард Вудвилл мен Жакетта Люксембургтың қызы, лорд Джон Грейдің жесірі, Елизавета Вудвилл (шамамен 1437 — 8 маусым 1492). Балалары:

  • Елизавета (11 ақпан 1466 — 11 ақпан 1503); күйеуі: 18 қаңтар 1486 жылдан бастап Генрих VII (28 қаңтар 1457 — 21 сәуір 1509), 1462 бастап Ричмонд графы, 1485 бастап Англии королі;
  • Мэри (11 тамыз 1467 — 23 мамыр 1482);
  • Сесилия (20 наурыз 1469 — 24 тамыз 1507); 1-күйеуі: 1485 бастап (1486 ажырасты) Ральф Ле Скроуп (1459 кейін — 17 қыркүйек 1515), шам. 1512 бастап Мэшемнен келген 8-ші Скроуп бароны; 2-күйеуі: 25 қараша 1487/1 қаңтар 1488 бастап Джон Уэллс (қай. 9 ақпан 1499), 8 ақпан 1485/1486 бастап 1-ші Уэллс виконты; 3-күйеуі: 13 мамыр 1502/наурыз 1504 бастап Уэйнфлиттен келген Томас Кайм;
  • Эдуард V (1—4 қараша 1470—1483), 1479 бастап Марч пен Пембрук графы, 1483 жылы Англии королі;
  • Маргарет (10 сәуір 1472 — 11 желтоқсан 1472);
  • Ричард Шрусбери (17 тамыз 1473—1483?), 1474 бастап Йорк герцогы, 1476 бастап Ноттингем графы, 1477 бастап Норфолк герцогы, Суррей мен Варенн графы;
  • Анна (2 қараша 1475 — 22 қараша 1511/1512); күйеуі: 4 ақпан 1495 бастап Томас Говард (1473 — 25 тамыз 1554), 1514 бастап 2-ші Суррей графы, 1524 бастап 3-ші Норфолк герцогы;
  • Джордж Виндзор (1477 — наурыз 1479);
  • Кэтрин (14 тамыз 1479 — 15 қараша 1527); күйеуі: 1495 бастап Уилям Куртене (шам. 1475 — 9 маусым 1511), 1511 бастап 1-ші Девон графы;
  • Бриджит (10 немесе 20 қараша 1480 — 1513 дейін), Кенттегі Дартфорд монастірінде монах-әйел.

Танымал мәдениеттегі бейнесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әдебиетте

Ол Шекспирдің «Генрих VI» және «Ричард III» атақты тарихи шежірелеріндегі кейіпкер. Осыған байланысты фильмдер мен теледидарларда негізінен Шекспир шежіресінің кино бейімделуі пайда болады.

Филиппа Грегоридің «Ақ патшайым» романында кездеседі.

Дж. Мартиннің айтуынша, немересі Генрих VIII-мен бірге Мұз бен от жырының цикліндегі кейіпкер Роберт Баратеонның прототиптерінің бірі болған.

  • Wolfe, Bertram (1981). Henry VI (The English Monarchs Series). Methuen.
  • Cokayne, G.E. (2000). The Complete Peerage of England, Scotland, Ireland, Great Britain and the United Kingdom, Extant, Extinct or Dormant. Alan Sutton.
  • Gravett, Christopher (2003). Towton 1461: England's Bloodiest Battle. Osprey Publishing.
  • Hankinson, C.F.J., ed. (1949). DeBretts Peerage, Baronetage, Knightage and Companionage, 147th Year. London: Odhams Press.
  • Mount, Toni (2014). Everyday Life in Medieval London: From the Anglo-Saxons to the Tudors. Amberley Publishing Limited.
  • Mosley, Charles, ed. (2003). Burke's Peerage, Baronetage & Knightage. III (107th ed.). Burke's Peerage.
  • Weir, Alison (1999). Britain's Royal Families: The Complete Genealogy. London: The Bodley Head