Барқан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Шағыл бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Барқан (түркі сөзі) — шағын шөлді аймақта желдің әсерінен пайда болатын құм төбе. Мұндай төбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болып келеді. Оның биіктігі бірнеше метр болады. Барханда өсімдік өспейді, сондықтан да жел әрекетіне бейім.

A.
Сахарадағы шағыл

Шағыл, Барқан[1] — құмды шөл және шөлейт жерлерде жел әрекетінен пайда болатын ысырынды құм төбелері, жер бедерінің пішіні. Құмтөбелер жарты ай немесе орақ пішіндес болады. Жел жақ беткейі созылыңқы әрі түйетайлы (5 — 14), ық жақ беткейі қысқа, тікше (30 — 33), келеді. Айшыққа тірелген жел оны айналып өтеді де, екі шетін мүйіз сияқтандырып ілгері созып отырады. Желдің режиміне, бағыты мен күшіне байланысты биіктігі 150 м-ге дейін Шағылды қырқалар, Шағылды тізбектер, Шағылды пирамидалар, тағы басқа пайда болады. Шағыл жылына бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге жылжып отырады. Онда өсімдік өспейді. Шағыл Орталығы Азия мен Қазақстанның барлық құмды шөлдерінде( Қарақұм, Қызылқұм, тағы басқа) таралған. [2]

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланған Әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.
  2. Қазақ Энциклопедиясы , 9 том 18 бөлім