Тасбақалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Тасбақа бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тасбақалар
Қазбалық ауқымы: Late Triassic – Recent, 215–0 Ma
Terrapene carolina
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Ұлы сабы: Chelonia
Macartney, 1802
Сабы: Testudines
Линней, 1758
Көк: теңіз тасбақалары, қара: жер тасбақалары
Көк: теңіз тасбақалары, қара: жер тасбақалары
Кіші саптары

Cryptodira
Pleurodira
тағы басқалары

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тасбақалар негізінен шөппен қоректенеді. Олар шөптердің, жабайы гүлдердің және жоғары протеинді өсімдіктердің көп түрін жей береді. Сонымен қатар олар суды да көп мөлшерде пайдаланады. Кейбір тасбақалар жәндіктер мен құрттарды да, тіпті өлген үлкен жануарлардың қалдықтарын да жейді.

Жұмыртқалары мен балалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұрғашы тасбақалар індер қазып, сонда жұмыртқа салады. Олар бір салғанда бір жұмыртқадан елу бір жұмыртқаға дейін жетеді. Ал тасбақалардың түрлеріне байланысты жұмыртқалар екі ай мен бір жылдан астам уақыт аралығында дамып жетіледі. Балаларының жынысы ұяның температурасына байланысты болады. Жылы ұяда, әдетте, ұрғашы балалар, ал салқын ұяда еркек балалар жетіледі. Жұмыртқадан шыққаннан кейін жас тасбақалар өздігінен өмір сүреді.

Тасбақалардың өміршеңдігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тасбақалар – ұзақ жасайтын жануарлар. Көптеген тасбақалардың 150 жылдан астам уақыт өмір сүретіндігі туралы жазбалар бар. Туи Малила ең ұзақ өмір сүрген тасбақа болды. Ол 1965 жылы 188 жасында өлген.

Сауыттарының үстіңгі бөлігі қалқанша деп, ал астыңғы бөлігі құрсақ қалқаншасы деп аталады. Қалқанша немесе сауыт күмбез пішінде болып, қабырғалары мен арқасынан шығатын сүйектерден жасалады. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасындағы сүйекті жоталар бауыр сауыты мен арқа сауытын жалғастырады.