Аманат ақша

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Депозит бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аманат ақша [1] — жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір мерзімге банктерге сақтауға тапсырған ақшалай қаражаттары. Аманат ақшаның талап етіп алатын, шартты, мерзімді, ұтысты және ағымдағы шотқа салынатын түрлері қабылданады. Аманат ақшаға салу мерзіміне, түріне қарай әртүрлі өсім мөлшері белгіленеді. Аманат ақша салушының аты-жөні, салған ақшасының мөлшері құпия сақталады, оған банктер кепілдік береді. Аманат ақшаны иесіне беруге шек қою немесе келісімнен тыс операциялар жасау тек соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Аманат ақшаның иесі өз қаражатын өсиетпен қалдыра алады. Аманат ақша ақша ауысқан кезде немесе ақшаның құнсыздануы кезінде индексатталынады. [2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3