ЮНЕСКО

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization
L’Organisation des Nations Unies pour l’éducation, la science et la culture
La Organización de las Naciones Unidas para la Educación, la Ciencia y la Cultura
Организация Объединённых Наций по вопросам образования, науки и культуры
联合国教育、科学及文化组织'

منظمة الأمم المتحدة للتربية والعلم والثقافة

ЮНЕСКО Эмблемасы
ЮНЕСКО Эмблемасы

ЮНЕСКО Эмблемасы
ЮНЕСКО Эмблемасы

ТүріХалықаралық ұйым
ОрналасуыФранция Париж, Франция
Ресми тілдеріАғылшын тілі, Испан тілі, Орыс тілі, Француз тілі, Қытай тілі, Араб тілі
Бас директорБолгария Ирина Бокова
Атқарушы кеңесінің төрағасыБарбадос Алиссандра Камминс
Бас мекемесіШтаб-пәтер
UNESCO жалауы

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
  • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
  • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
  • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
  • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Мүше елдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.

  1. Аустралия, ұйымға қосылу күні - қарашаның 4, 1946
  2. Австрия - тамыздың 13, 1948
  3. Албания - қазанның 16, 1958
  4. Алжир - қазанның 15, 1962
  5. Америка Құрама Штаттары - қазанның 1, 2003
  6. Андорра - қазанның 20, 1993
  7. Ангола - наурыздың 11, 1977
  8. Антигуа және Барбуда - шілденің 15, 1982
  9. Аргентина - қыркүйектің 15, 1948
  10. Армения - маусымның 9, 1992
  11. Ауғанстан - мамырдың 4, 1948
  12. Әзірбайжан - маусымның 3, 1992
  13. Багам аралдары - сәуірдің 23, 1981
  14. Бангладеш - қазанның 27, 1972
  15. Барбадос - қазанның 24, 1968
  16. Бахрейн - қаңтардың 18, 1972
  17. Беларусь - мамырдың 12, 1954
  18. Бельгия - қарашаның 29, 1946
  19. Белиз - мамырдың 10, 1982
  20. Бенин - қазанның 18, 1960
  21. Болгария - мамырдың 17, 1956
  22. Боливия - қарашаның 13, 1946
  23. Босния және Герцеговина - маусымның 2, 1993
  24. Ботсвана - қаңтардың 16, 1980
  25. Бразилия - қарашаның 4, 1946
  26. Бруней - наурыздың 17, 2005
  27. Біріккен Араб Әмірліктері - сәуірдің 20, 1972
  28. Буркина-Фасо - қарашаның 14, 1960
  29. Бурунди - қарашаның 16, 1962
  30. Бутан - сәуірдің 13, 1982
  31. Вануату - ақпанның 10, 1994
  32. Венгрия - қыркүйектің 14, 1948
  33. Венесуэла - қарашаның 25, 1946
  34. Вьетнам - шілденің 6, 1951
  35. Габон - қарашаның 16, 1960
  36. Гаити - қарашаның 18, 1946
  37. Гайана - наурыздың 21, 1967
  38. Гамбия - тамыздың 1, 1973
  39. Гана - сәуірдің 11, 1958
  40. Гватемала - қаңтардың 2, 1950
  41. Гвинея - ақанның 2, 1960
  42. Гвинея-Бисау - қарашаның 1, 1974
  43. Германия - шілденің 11, 1951
  44. Грекия - қарашаның 4, 1946
  45. Гренада - ақпанның 17, 1975
  46. Гондурас - желтоқсанның 16, 1947
  47. Грузия - қазанның 7, 1992
  48. Дания - қарашаның 4, 1946
  49. Джибути - тамыздың 31, 1989
  50. Доминика - қаңтардың 9, 1979
  51. Доминикан Республикасы - қарашаның 4, 1946
  52. Египет - қарашаның 4, 1946
  53. Жаңа Зеландия - қарашаның 4, 1946
  54. Жапония - шілденің 2, 1951
  55. Замбия - қарашаның 9, 1964
  56. Зимбабве - қыркүйектің 22, 1980
  57. Израиль - қыркүектің 16, 1949
  58. Индонезия Республикасы - мамырдың 27, 1950
  59. Иордания - маусымның 14, 1950
  60. Иран Ислам Республикасы - қыркүйектің 6, 1948
  61. Ирак - қазанның 21, 1948
  62. Ирландия - қазанның 3, 1961
  63. Исландия - маусымның 8, 1964
  64. Испания - қаңтардың 30, 1953
  65. Италия - қаңтардың 27, 1948
  66. Йемен - сәуірдің 2, 1962
  67. Камбоджа - шілденің 3, 1951
  68. Камерун - қарашаның 11, 1960
  69. Канада - қарашаның 4, 1946
  70. Кабо-Верде - ақпанның 15, 1978
  71. Катар - қаңтардың 27, 1972
  72. Кения - сәуірдің 7, 1964
  73. Кипр - ақпанның 6, 1961
  74. Кирибати - қазанның 24, 1989
  75. Колумбия - қазанның 31, 1947
  76. Комор аралдары - наурыздың 22, 1977
  77. Конго - қазанның 24, 1960
  78. Конго Демократиялық Республикасы - қарашаның 25, 1960
  79. Солтүстік Корея - қазанның 18, 1974
  80. Корея Республикасы - маусымның 14, 1950
  81. Коста-Рика - мамырдың 19, 1950
  82. Кот-д’Ивуар - қазанның 27, 1960
  83. Куба - тамыздың 29, 1947
  84. Кувейт - қарашаның 18, 1960
  85. Кук аралдары - қазанның 25, 1989
  86. Қазақстан - мамырдың 22, 1992
  87. Қырғызстан - маусымның 2, 1992
  88. Қытай - қарашаның 4, 1946
  89. Лаос - шілденің 9, 1951
  90. Латвия - қазанның 14, 1991
  91. Ливан - қарашаның 4, 1946
  92. Лесото - қыркүйектің 29, 1967
  93. Либерия - наурыздың 6, 1947
  94. Ливия - маусымның - 27, 1953
  95. Литва - қазанның 7, 1991
  96. Люксембург - қазанның 27, 1947
  97. Маврикий - қазанның 25, 1968
  98. Мавритания - қаңтардың 10, 1962
  99. Мадагаскар - қарашаның 10, 1960
  100. Македония Республикасы - Маусымның 28, 1993
  101. Малави - қазанның 27, 1964
  102. Малайзия - маусымның 16, 1958
  103. Мали - қарашаның 7, 1960
  104. Мальдивтер - шілденің 18, 1980
  105. Мальта - ақпанның 10, 1965
  106. Маршалл аралдары - маусымның 30, 1995
  107. Мексика - қарашаның 4, 1946
  108. Микронезия Федерациялық Штаттары - қазанның 19, 1999
  109. Мозамбик - қазанның 11, 1976
  110. Молдова Республикасы - мамырдың 27, 1992
  111. Монако - шілденің 6, 1949
  112. Моңғолия - қарашаның 1, 1962
  113. Марокко - қарашаның 7, 1956
  114. Мьянма - маусымның 27, 1949
  115. Намибия - қарашаның 2, 1978
  116. Науру - қазанның 17, 1996
  117. Нидерланд - қаңтардың 1, 1947
  118. Непал - мамырдың 1, 1953
  119. Никарагуа - ақпанның 22, 1952
  120. Нигер - қарашаның 10, 1960
  121. Нигерия - қарашаның 14, 1960
  122. Ниуэ 26 қазан, 1993
  123. Норвегия - қарашаның 4, 1946
  124. Оман - ақпанның 10, 1972
  125. Орталық Африка Республикасы - қарашаның 11, 1960
  126. Оңтүстік Африка - желтоқсанның 12, 1994
  127. Өзбекстан -
  128. Палау - қыркүйектің 20, 1999
  129. Панама - қаңтардың 10, 1950
  130. Папуа — Жаңа Гвинея - қазанның 4, 1976
  131. Парагвай - маусымның 20, 1955
  132. Пәкістан - қыркүйектің 14, 1949
  133. Перу - қарашаның 21, 1946
  134. Польша - қарашаның 6, 1946
  135. Португалия - қыркүйектің 11, 1974
  136. Ресей Федерациясы - сәуірдің 21, 1954
  137. Руанда - қарашаның 7, 1962
  138. Румыния - шілденің 27, 1956
  139. Самоа - сәуірдің 3, 1981
  140. Сан-Марино - қарашаның 12, 1974
  141. Сан-Томе және Принсипи - қаңтардың 22, 1980
  142. Сауд Арабиясы - қарашаның 4, 1946
  143. Эсватини - қаңтардың 25, 1978
  144. Сейнт Винсент және Гренадинес - қаңтардың 14, 1983
  145. Сент Киттс және Невис - қазанның 26, 1983
  146. Сейнт Люсия - наурыздың 6, 1980
  147. Сейшель аралдары - қазанның 18, 1976
  148. Сенегал - қарашаның 10, 1960
  149. Сербия - желтоқсанның 20, 2000
  150. Сингапур - қазанның 8, 2007
  151. Сирия - қарашаның 16, 1946
  152. Словакия - ақпанның 9, 1993
  153. Словения - мамырдың 27, 1992
  154. Соломон аралдары - қыркүйектің 7, 1993
  155. Сомали - қарашаның 15, 1960
  156. Судан - қарашаның 26, 1956
  157. Суринам - шілденің 16, 1976
  158. Съерра-Леоне - наурыздың 28, 1962
  159. Таиланд - қаңтардың 1, 1949
  160. Танзания - наурыздың 6, 1962
  161. Тәжікстан - сәуірдің 6, 1993
  162. Того - қарашаның 17, 1960
  163. Тонга - қыркүйектің 29, 1980
  164. Тринидад және Тобаго - қарашаның 2, 1962
  165. Тунис - қарашаның 8, 1956
  166. Түркия Республикасы - қарашаның 4, 1946
  167. Түркіменстан - тамыздың 17, 1993
  168. Тувалу - қазанның 21, 1991
  169. Уганда - қарашаның 9, 1962
  170. Украина - мамырдың 12, 1954
  171. Уругвай - қарашаның 8, 1947
  172. Үндістан - қарашаның 4, 1946
  173. Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы - шілденің 1, 1997
  174. Фиджи - шілденідің 14, 1983
  175. Филиппиндер - қарашаның 21, 1946
  176. Финляндия - қазанның 10, 1956
  177. Франция - қарашаның 4, 1946
  178. Хорватия - маусымның 1, 1992
  179. Чад - желтоқсанның 19, 1960
  180. Черногория - наурыздың 1, 2007
  181. Чехия - ақпанның 22, 1993
  182. Чили - шілденің 7, 1953
  183. Швеция - қаңтардың 23, 1950
  184. Швейцария - қаңтардың 28, 1949
  185. Шри Ланка - қарашаның 14, 1949
  186. Шығыс Тимор - маусымның 5, 2003
  187. Эквадор - қаңтардың 22, 1947
  188. Экваторлық Гвинея - қарашаның 29, 1979
  189. Сальвадор - сәуірдің 28, 1948
  190. Эритрея - қыркүйектің 2, 1993
  191. Эстония - қазанның 14, 1991
  192. Эфиопия - шілденің 1, 1955
  193. Ямайка - қарашаның 7, 1962

Серіктес мүше елдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аруба - қазанның 20, 1987
  • Британдық Виргиния аралдары - қарашаның 24, 1983
  • Кайман аралдары - қазанның 30, 1999
  • Макао, Қытай - қазанның 25, 1995
  • Недерландықтардың Антиллері - қазанның 26, 1983
  • Токелау - қазанның 15, 2001
  • Фарер аралдары - қазанның 12, 2009

Бақылаушы елдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Палестина [1]
  • Әулие Теңіз

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. WADA Summary update on Government progress to become a State Party to the UNESCO International Convention against Doping in Sport (PDF). Тексерілді, 28 шілде 2009.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]