Аденозинүшфосфор қышқылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Аденозинтрифосфат бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аденозинүшфосфор қышқылы немесе Аденозинүшфосфат (қысқаша АТФ немесе АҮФ, ағылш. АТР) - энергетикалық нуклеотид. Бұл - тірі жасушадағы негізгі «энергия заты». Ағзалардағы бүкіл процесстерінде, заттектер алмасуында маңызы зор. АТФ 1929 жылы Гарвардской медицина мектебінің ғылымдарының (Карл Ломан мен Йеллапрагада Суббарао зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған[1]. 1941 жылы Фриц Липман АТФ-тың жасушадағы негізгі энергия таратушы ретінде айқындаған [2].

АТФ-тың систематикалық атауы:

9-β-D-рибофуранозиладенин-5'-үшфосфат немесе
9-β-D-рибофуранозил-6-амино-пурин-5'-үшфосфат.

Химиялық жіктеу бойынша АТФ - аденозиннің (аденин және рибозаның туындысы) үшфосфорлық эфиры.

Жалпы сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Органикалық молекулалардың тотығу реакцияларында бөлініп шығатын энергия Аденозин үш фосфат қышқылы түрінде митохондрияларға жиналады.

Аденозин үш фосфат қышқылы гидролизденіп бір макроэнергиялық байланыс үзілгенде, 8,4 ккал/моль бөлінеді.

A.

Глюкозаның бір молекуласы клеткада көміртек оксиді (СО2) мен суға (Н2О) дейін ыдырауынан Аденозин үш фосфат қышқылының 38 молекуласы синтезделеді.

Қызметі және биологиялық рөлі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аденозин үш фосфат қышқылы энергиясы организмде органикалық молекулалар биосинтезіне, бұлшық еттердің жұмысына, жүйке импульстерінің берілуіне, иондардың клетка мембранасы арқылы тасымалдануына, т.б. жұмсалады.
Биологиялық тотығу кезінде бөлініп шығатын энергияның бір бөлігі сақталмай жылу энергиясына айналады. Бұл энергия жылы қанды организмдердің дене температурасын бірқалыпты ұстау үшін пайдаланылады.

АТФ-тың рөлі мен қасиетін акырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының кұрылысын білу керек. Бұл - жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант - рибоза болады. Азотты негізі - аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-та фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үш-фосфат» деп аталған.

АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланыс мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде - энергияны жинақтау. энергия бөлінеді. Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына, зат синтездеу немесе жүйке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.

АТФ - ағзалардың бүкіл пайдалы энергиясы іс жүзінде сол арқылы «өтетін» зат. Бүкіл тіршілік үдерістері негізіне жататын химиялық реакциялардың жасушада жүзеге асуына жылу, механикалық, өзге де ешқандай энергия түрі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушалардың энергетикалық нарқы» деп жиі айтатыны сондықтан болса керек. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді. Осыған қатарласа ағзамен және жарғақша арқылы биосинтездің, өсудің, бұлшықет жиырылуының, жүйке серпілісінің заттар тасымалдауды және өзге де көптеген тіршілік үдерістері жүреді. Осы үдерістердің барлығына тек АТФ-ның ыдырау энергиясы ғана шығындалады. АТФ-ның бір молекуласы тәулігіне 2-ден 3 мың рет ыдырап, қосылыса алады![3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Lohmann, K. (1929) Über die Pyrophosphatfraktion im Muskel. Naturwissenschaften 17, 624—625.
  2. Lipmann F. (1941) Adv. Enzymol. 1, 99-162.
  3. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4