Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
(ҚР СЖРА ҰСБ)
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты 1920 жылғы 8 қарашада ҚАССР Статистика басқармасы болып құрылды
Оның алдындағы мекеме Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2014 жылға дейін

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2020 дейін

Мекемені басқарады Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Есіл ауданы,
Мәңгілік ел көш., 8 үй,
«Министрліктер үйі»,
4 кіреберіс
Қызметкерлер саны Орталық орган - 271 адам, аймақтық - 2090
Бюро басшысы Шаймарданов Жандос Нұрланұлы
Бір мекемеге қарасты орган ҚР СЖРА БСМ Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК
Негізгі құжат Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ережесі
Ресми сайты
https://stat.gov.kz/

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы — статистика бойынша Қазақстандағы мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады.

Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылуына байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып құрылды.

Негiзгi мiндеттерi[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • статистикалык әдiснаманы қалыптастыру;
  • мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру;
  • қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру.[1]

Құрылымы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орталық орган 1994[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Әлеуметтiк-экономикалық талдау, есеп және статистиканы ұйымдастыру Бас басқармасы
  2. Ұлттық шоттар жүйесiнiң Бас басқармасы
  3. Өндiрiс және инвестициялар статистикасының жетекшi басқармасы
  4. Сыртқы экономикалық байланыс пен қызмет көрсету статистикасының жетекшi басқармасы
  5. Әлеуметтiк және демографиялық статистиканың жетекшi басқармасы
  6. Ауыл және орман шаруашылығы статистикасының басқармасы
  7. Баға статистикасының басқармасы
  8. Төлем балансы статистикасы бөлiмi
  9. Жоспарлау-қаржы жұмысы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
  10. Iс Басқармасы[2]

Орталық 2020 жылдан[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлығы 271 қызметкер

  1. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы
  2. Ұлттық шоттар басқармасы
  3. Құрылымдық статистика басқармасы
  4. Баға статистикасы басқармасы
  5. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы
  6. Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы
  7. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы
  8. Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы
  9. Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы
  10. Ақпараттық технологиялар басқармасы
  11. Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы
  12. Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы
  13. Заң басқармасы
  14. Халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасы
  15. Әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасы
  16. Персоналды басқару қызметі
  17. Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасы 2016 жылдан
  18. Тұрақты даму мақсаттарының статистикасы басқармасы 2018 жылдан
  19. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше[3]

Аймақтық[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Астана қаласы статистика департаменті
  2. Алматы қаласы статистика департаменті
  3. Шымкент қаласы статистика департаменті
  4. Ақмола облысы статистика департаменті
  5. Ақтөбе облысы статистика департаменті
  6. Алматы облысы статистика департаменті
  7. Атырау облысы статистика департаменті
  8. Батыс Қазақстан облысы статистика департаменті
  9. Жамбыл облысы статистика департаменті
  10. Қарағанды облысы статистика департаменті
  11. Қостанай облысы статистика департаменті
  12. Қызылорда облысы статистика департаменті
  13. Маңғыстау облысы статистика департаменті
  14. Павлодар облысы статистика департаменті
  15. Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті
  16. Түркістан облысы статистика департаменті
  17. Шығыс Қазақстан облысы статистика департаменті

Атауы мен басшылары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы мемлекеттік статистиканың жоғарғы органы мен жүйесінің қалыптасуы және дамуы (құрылуы, өзгертілуі, атауының өзгеруі) [4]
органның құрылу (өзгеру) жылдары органның атауы органның бірінші басшылары
жұмыс жылдары көрсетілген жылдары басқарған адамның тегі, аты-жөні
1920ж. (8 қараша) Қырғыз (Қазақ) Автономдық Советтік Социалистік Республикасы статистика басқармасы (ҚАССР Статистика басқармасы) 1920-1926жж. И.П. Крутилин
1926-1928жж. Д.А. Дейхман
1928ж. (23 маусым) Қазақ статистика басқармасы (Қазстатбасқарма) 1928-1929жж. Д.Г. Дивнегорцев
1930ж. (11 ақпан) ҚАССР Мемжоспары Халық шаруашылығы есебінің секторы 1929-1930жж. И.Н. Чудновский
1931ж. (17 желтоқсан) ҚАССР Мемжоспары Халық шаруашылығы есебінің басқармасы(Қаз ХШЕБ) 1931-1937жж. М.С. Саматов
1933ж. ҚАССР Мемжоспары Халық шаруашылығы есебінің басқармасы (1936 жылдан бастап – Қазақ Мемжоспары) – Қазақ АССР ХШЕБ 1937-1938жж. И.П. Тейтельбаум
1938-1941жж. П.М. Дунаев
1941ж. (27 наурыз) ССРО Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК)жанындағы Қазақ ССР Мемжоспарының Статистика басқармасы 1941-1943жж. Қ. Ермеков
1943ж. (желтоқсан) Қаз ССР бойынша ССРО ХКК жанындағы өкілетті Мемжоспары Статистика басқармасы (1946 жылдан бастап – Қазақ ССР бойынша ССРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемжоспар) 1943-1944жж. И.К. Калмыков
1944-1948жж. Т.В. Волков
1948ж. (қыркүйек) Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жанындағы статистика басқармасы (Қазақ ССР-нің Статбасқармасы) 1948-1953жж. Т.В. Волков
1953-1960жж. Т.У. Увашев
1960ж. (31 наурыз) Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы Орталық Статстистика басқармасы (Қазақ ССР ОСБ) 1960-1967жж. А.Л. Часовникова
1967-1980жж. З.П. Троценко
1980-1987жж. Т.Ж. Жұмасұлтанов
1987ж. (19 тамыз) Қазақ ССР Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитеті (Қазақ ССР Мемcтаткомы) 1987-1990жж. Т.Ж. Жұмасұлтанов
1990ж. (30 желтоқсан) Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақстан Республикасының Мемстаткомы) 1990-1994жж. Т.Ж. Жұмасұлтанов
1994-1997жж. В.И. Горячковский
1996ж. (29 қазан) Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі (Ұлтстатагенттік) 1997-1999жж. Ж.Ә. Құлекеев
1999ж. (22 қаңтар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 1999-2003жж. Ә.А. Смайылов
2003-2006жж. Қ.С. Әбдиев
2006–2007жж. Б.Т. Сұлтанов
2007-2009жж. А.Е. Мешімбаева
2009ж. 27 қазаннан - 6 тамыз 2014 Ә.А. Смайылов
2014ж. (6 тамыз ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 6 тамыз 2014-12.2015 Ә.А. Смайылов
1.2016-5.2016 Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев мінд. атқар.
26.05.2016 - 24.01.2022 Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов
2020 ж. (23 қазан) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2020 ж - 24.01.2022 Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов
24.02.2022 Шаймарданов Жандос Нұрланұлы

Бағынысты ұйымдар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық санақтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2021 жылғы Ұлттық халық санағындағы санақшы

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]