Қатысушы:Tmlbrgmv/зертхана - осы мақаланы жариялай алмай тұрмын.
Бірдеңеден қате кетті - деген қате шығып тұр. Көмектесуіңізді сұраймын
Қатысушы:Tmlbrgmv/зертхана - осы мақаланы жариялай алмай тұрмын.
Бірдеңеден қате кетті - деген қате шығып тұр. Көмектесуіңізді сұраймын
Мақала жариялауыңыз үшін 100 өңдеме жасауыңыз керек. Онсыз мақала бастай алмайсыз. Сондай-ақ ұқсастақырыптағы мақалалалаға қарап, безендіруін түзеп шығыңыз. Мақала сапасыз жазылған.
Аталған парақшаға біздің тарапымыздан 27.09.2023ж. біраз ақпарат қосылып еді. Бүгін жойылып кетіпті.Себебін айтсаңыздар.
Амангелді Мухамежан! Сіздер "Википедия - общедоступная многоязычная универсальная интернет-энциклопедия со свободным контентом, реализованная на принципах вики" деген талаптарыңызға қайшы келіп отырсыздар. Мен Қызылдала ауылының тумасы ретінде ауыл халқы саны туралы мәліметтің 2009 жылы, бұдан 14 жыл бұрын енгізілгенін мәлімдеймін. Ауыл халқының сұранысы бойынша бірқатар мәлімет енгізілген еді, оны көп көріп отырсыздар. Сіздерге талабымыз: ауыл туралы мәліметті жаңартыңыздар, жастардың ауылға ұмтылуын қамтамасыз етіңіздер!
Сәлеметсіздер ме! Мына сурет керек болып тұр: Mitsubachi_Maaya_no_Boken.jpg
Оны жүктеп беріңізші?
Оқырмандардың және жаңа қатысушылардың Уикипедияға байланысын арттыру үшін аталған екі құралды қоссақ қалай қарайсыздар. Біріншісінде қатысушы Уикипедияны өңдеудегі мәселелер қиындықтарын бөлісіп отырады, екіншісінде оқырмандар мақалаға қатысты, мақаланы жетілдіруге қатысты өз ойларын білдіріп отырады.
Біріншісі:
https://www.youtube.com/watch?v=scyU4WehST0
Екіншісі:
@Arystanbek: қостың ба енді осы функцияны? Қоспадың ба. Сенің айтып отырғаның мақалаға реакциясын әсерін смайликпен білдіру ма ? Кері байланыс қой деп 4-5 жылдан кейін жазған қалай кетті)))
Екінші идея керемет идея, алайда біздің оқырмандар белсенді емес қой. Бірақ талпынып көруге болады. Бірінші идея жағын білмеймін. Жаңа қатысушылар үшін жақсы сияқты.
@Мұхамеджан Амангелді: Иә оқырмандар белсенді емес екенін білемін, бұл сол белсенсіздікті белсенділікке айналдыруға сеп болуы мүмкін. Мынаған қарағанда айына бірнеше болсада ұсыныс пікір өз ойларын бөлісіп отырады. Бұл құрал қазіргі кері байланысқа қарағанда тартымды.
Уикипедияда әркім немесе жаңа қосылған қолданушылар мақаладағы тұлғалардың руын өзгертіп вандализм жасап жатады немесе жаңа тұлға туралы мақала жасағанда өзінің ата-бабасының , шежіресіндегі адамдар туралы жазып жатады. Бірақ, олардың барлығы дерлік Уикипедияның маңыздылығына жата ма? Әлде қазақ Уикипедиясы көрінген келіп жазып кететін шимай дәптер ме? Әрине, олай емес. Сондықтан, тұлғалардың маңыздығы туралы ережелер өзекті нәрсеге айналды. Дәл тұлға, адам туралы жаңа мақалаларға қатысты ҚазУикиде ереже жоқ екен. Мына сілтемеде Орыс Уикиінде бар екен. Менің ұсынысым, осы немесе басқа тілдегі бар ережені аудара отырып өз тіліміздегі критерий құрудың қажеттілігі дер едім. Қалай ойлайсыздар? Ой қосыңыздар, белсенді болайық))
Егер соншалықты ата бабасы туралы жазғысы келіп бара жатса, интернетте жеке сайтқа жазу деген қиын нәрсе емес, қазір код білмей ақ блог ашып сонда жаза беруіне мүмкіндіктер көп.
Сізбен толық келісемін. Қазуикиде өкінішке орай сондай мақалалар толып жатыр
Өте дұрыс айтасыз. Сосын мұнда салынған мақалалар мен материалдардың авторы, олардың сілтемесі көрсетілмейді екен. Бұл - дұрыс емес. Тағы да көптеген қателер кетеді, соны жазып отырған авторы көрсетілмейді. Осының кесірінен көптеген адамдар жалған ақпаратпен сусындайды. Осыны нақты туралау керек. Мен өзім ғылыми адам болған соң, не салсам да өзімді автор ретінде және деректерге сілтеме көрсетіп отырамын. Себебі, ол жазбаға ертең жауап беруім үшін.
Нақты қай мақалалардан байқадыңыз? Уикипедия күрделі сайт негізі, адамдар ол туралы жазғанда дереккөздер туралы ойламауы да мүмкін. Сайттың жоғары жағында тұрған телеграм топқа қосылып талқыласаңыз да болады.
Рудларды найман қылып өзгертып жүрген бір адамак. Бұғаттасам да, қайтадан тіркеледі.
Мынау қатысушы "мен жаңадан жазылған мақалаларды деңгейім мен шамам жеткенше тексерістен өткізіп тұрамын" деп ашықтан ашық өтірік соғып жүр. Оның бір мысалы: жалғыз сөйлемнен ғана тұратын Бенедикт ерітіндісі мақаласын еш түзетпей, еш толықтырмай, "тексерілмеген" белгісін қойды. Сонда басқа 22 тілде бар мақалаға үлес қосуға шамасы жетпей, білім деңгейі тым төмен болып, оны кейін жоя салды. Яғни бір сөйлемнің өзін тексерістен өткізе алмайды екен. Бірақ тексеріп жүремін дейді. Бұл шизофрения ма?
Қаражыланды, Жетіқыз – Сарыторғай алабындағы өзен. Бастауын Ұлытау тауларының батысындағы бұлақтардан алып, Сарыторғай өзенінің саласы – Қаратал өзеніне сол жағынан құяды.
Торғай алабындағы өзен.
Бастауын Ұлытау тауының батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Ұсабай қыстауы тұсында Жетіқыз (Қаражыланды) өзеніне құяды.
СҰРАҚ: Қайсысы қайсысына құяды?
@Batyrbek.kz: Телеграмда тың идея бөлісті. Сол идеяны көпшіліктің талқысына салып, жүзеге асырған жөн деп санаймын. Тұлға жайлы мақала атауын "Аты Тегі" форматында жазуды ұсынамын. қазіргі кезде Қазақ Уикипедия кеңістігінде тұлға жайлы мақаланың атауы орыстардікіндей "Аты Әкесінің аты Тегі" форматында жазылып жүр. Орыстардың аты-жөні көбіне ұқсас болғандықтан олар әкесінің атын жазып ажыратады, ал бізге ондай қажеттілік жоқ деп есептеймін. Мәселен, Қайрат Рысқұлбековтың әкесінің атын білмей-ақ кім екенін білуге болады, себебі басқа Қайрат Рысқұлбеков жоқ.
Қарсымын. Ресми құжатта, энциклопедияларда толық аты жөні жазылады. Аты, тегі, әкесінің аты. Тағы да бүйректен сирақ шығармайық. Аты тегінен айдау қоя салуға болады тез табу үшін. Уикипедияда емле бойынша жаңа ереже ойлап табу қажет емес. Әкесінің аты қазақша жазылатыңат бөлігі, сондықтан да қазақтылық белгі ретінде де қалуы керек. Оның барлығын дұрыс жылжытатын, сілтеме түзейге көп уақыт пен күш кетеді. Оны ертең ешкім дұрыс түзеп шықпайды. Қазақстан үкіметі сияқты пайдасыз ауыстырумен айналыса беруді тоқтату керек.
@Салиха: Есімі құжат жүзінде жазылады, толық есімі мақалада аталып өтеді, алайда мақала атауында АӘТ деп созбақтамай Аты мен тегін ғана жазайық деп отырмыз.
Өзім бастаған соң өзім қолдаймын. Дина Кенжеқызы Нұрпейісова деп керегі жоқ. Тек Дина Нұрпейісова десе жеткілікті.
Іздеудің оңтайлығы жағын алсақ, жағдайлардың көбісінде аты мен фамилиясы жеткілікті болады.
Құжаттарында қалай жазылса солай болу керек, өзбекшеге т.б. өзімізше аудару дұрыс емес.
Жалпы Уикипедия энциклопедиялық бағытта болғандықтан ресми болу керек.
@Мағыпар: Есімі құжат жүзінде жазылады, толық есімі мақалада аталып өтеді, алайда мақала атауында АӘТ деп созбақтамай Аты мен тегін ғана жазайық деп отырмыз.
Біріншіден ботпен жасай саламыз деген нәрсе меніңше бос әңгіме, талай сондай жұмыстар қалып қойып жатты. Қаншама мақала, үлгілерді түзету керек. Одан да мақала сапасы мен уикипедия құрылымын дұрыстайық
Бұған дейін жазылғандар тұра берсін. Бұдан кейінгілерді солай жасайық
Қарсымын. Ағылшынша энциклопедияға ұқсатқыңыз келетііні байқалады, онда екі адам Джордж Буш болса онда арасында екінші, үшінші аттарының бас әріптері қосылып жазылады. Әкесінің аты қазақшада қысқартылмайды, сондықтан да мұндай аса қажеттілік көрінбейді. Оның барлығын жылжытып, сілтеме түзетуге көп күш кетеді. Одан да мақала санын арттыруға күш салайық!
@Nurkhan:Әкесінің атын қысқарту жайлы еш жерде жазбадық қой. Аты-жөні ұқсастарды жақша ішіне мансабын я басқа да маңызды параметрін алып жазамыз. Мәселен Жомарт Сәрсенбай деген ғалым мен футболшы болса, бар болғаны Жомарт Сәрсенбай (футболшы), Жомарт Сәрсенбай (ғалым) деп ажырата саламыз.
Дұрыс идея. Тақырып ықшам болғаны дұрыс. Ал, мақала ішінде бәрін толық жазуға, тіпті қажет болса арғы аталарын түгел көрсетіп беруге болады.))
Мұнда тек орыстар мен қазақтарға ғана қатысты емес. Біз тек қазақтардың ғана тұлғаларын жазбаймыз ғой. Мұнда орыстардың әсерін ұмытып, басқа да батыс, яғни ағылшындар, француздардікін не болмаса түркі халықтардың үлгілерін ескере өзіміздікін жасасақ жақсы болар еді. Негізі, бұл ой жақсы, менің еш қарсылығым жоқ.
Келісемін, бірақ бірдей Аты Тегі болса екеуін де Аты Тегі Әкесінің аты сол екі мақалада болғаны жөн. Gayrat98 (талқылау) 15:11, 2022 ж. желтоқсанның 15 (+06)
Иә. Мәселен, Сафуан Шәймерденов (жазушы), Сафуан Шәймерденов (актер) т.с.с
Варта өзені жайлы мақала бастадым. Негізі Еуропа өзендері жайлы серия жазғым келген. Біріншісі. Бұрында басқа тілдерде жазғанмын сондықтан әлі 100 өңдемем жоқ) Осы мақаланы админдерге тікелей тексерке жіберіп отырым.
https://kk.wiki.chinapedia.org/w/index.php?title=%D0%92%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0&action=submit