Бенәзир Бһутто
Бенәзир Бһутто урду: بینظیر بھٹو, синдһише: بينظير ڀٽو | |||
![]() | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
19 қазан 1993 — 5 қараша 1996 | |||
Ізашары | Моинуддин Ахмад Күреші | ||
Ізбасары | Мерадж Халид | ||
| |||
2 желтоқсан 1988 — 6 тамыз 1990 | |||
Ізашары | Мұхаммед Зия-үл-Хақ | ||
Ізбасары | Гүлам Мұстафа Джатой | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 21 маусым 1953 Карачи | ||
Қайтыс болуы | 27 желтоқсан 2007 (54 жас) Равалпинди | ||
Әкесі | Зүлфікар Әли Бһутто | ||
Қолтаңбасы | ![]() | ||
өңдеу ![]() |
Бһутто, Бенәзир (синдһише: بينظير ڀٽو; урду: بینظیر بھٹو, IPA: [beːnəziːɾ bɦʊʈːoː]) (1953—2007) — Пәкістанның премьер-министрі, Пәкістан Халық Партиясының жетекшісі. Тек қана Пәкістанда ғана емес, мұсылман елдері арасында премьер-министрдің деңгейіне жеткен тұңғыш әйел.
Өмірбаяны[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1953 жылы Карачи қаласында дүниеге келді. Әкесі — саясатшы, мемлекеттік қайраткер, кейін Пәкістан Халық Партиясының ұйымдастырушы әрі тұңғыш жетекшісі, Пәкістанның премьер-министрі және президенті Зүлфікар Әли Бһутто еді, анасы Иранда туған, Пәкістанға көшкен күрт еді, оның аты Нусрат Бегум еді, кейін күйеуінің Бһутто тегін, өзінің тегі ретінде алды. Бенәзир деген есім араб тілінен аударғанда «аяусыз» деп аударылады. Шынында да, марқұм Бенәзир Бһутто адал, әділет жолынан бұрылмай, мақсатынан бас тартпай, құндылықтарды өзгермеуші еді.
Жекеменшік мектепте оқып, кейін батыс жоғары білімін алып, сауатты, оқымысты адам еді.
Әкесін жолын қуып саясатпен айналысты. 1977 жылы Зүлфікар-Әли Бһуттоны билігін құлатып, өлтіргеннен кейін, Бенәзир абақтыға түседі, бірнеше жыл үйінде қамаған еді. 1984 жылы елінен көшіп кетеді.
Бірақ, 1988 жылы Пәкістан жетекшісі Зия-үл-Хақ әуе апатында қаза тапқаннан кейін, Пәкістанға оралып, сайлауға қатысады. Бһуттоның партиясы жеңіп, Бенәзир премьер-министр болып кетеді.
1990 жылы Бенәзир Бһутто биліктен кетеді, бірақ 1993 жылы премьер-министрдің орнына оралады. Бенәзир Бһуттоның билігін Пәкістан Мұсылман Лигасының Наваз Шарифтің фракциясы құлатады, билікке Наваз Шариф келеді.
1999 жылы Пәкістанның жетекшісі Первез Мұшарраф болған соң, Бенәзир елінен тағы да көшіп кетеді.
Сегіз жылдан кейін, Бһутто өміріне қаупіне қарамастан Пәкістанға қайтып, сайлауға қатысқы келеді. Бірақ сайлау үрдісі өткен кезде, 2007 жылының желтоқсанның 27-інде Равальпинди қаласында Бһутто лаңкестік актінің құрбаны болып, қаза табады. Бенәзир Бһутто Пәкістанның демократизация үрдісіне, халықтың өмір деңгейін көтеруіне, сауатын ашуына үлкен үлес қосты.
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Benazir Bhutto |
![]() |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- 21 маусымда туғандар
- 1953 жылы туғандар
- 27 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Карачиде туғандар
- Равалпиндиде қайтыс болғандар
- Пәкістан премьер-министрлері
- Гарвард университеті түлектері
- Саясаткер эмигранттар
- Пәкістан социалистері
- Гиннесстің рекордтар кітабының рекордсмендері
- Оксфорд университеті түлектері
- Саяси қастандықтар құрбандары
- Өлтірілген саясаткерлер
- Пәкістандағы терактілер құрбандаы
- Әл-Каида құрбандары
- Пәкістан қорғаныс министрлері
- Құрмет легионы ордені Үлкен крестінің иегерлері
- Әйел-премьер-министрлер
- Пәкістан әйел-саясаткерлері