Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 235 441 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Білгенге маржан
- Комета тозаңының үлгісін Жерге жеткізген алғашқы миссия ғарышқа өткен ғасырдың соңында ұшырылды.
- Қазақ халқында 10 000 ең көп кездесетін есімдер арасында 10% шекпен 294 унисекс есім бар.
- Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесі X–XI ғасырларда тұрғызылған, биіктігі 12 метрге жуық келеді.
- Ақылы ұшу сабақтарына қатыса алу үшін бұл әйел музыкант, фотограф, мұғалім, хатшы, телефон операторы, автомеханик болып жұмыс істеді.
- Үндістер ойлап тапқан командалық ойын бір ғасырлық үзілістен кейін Олимпиадаға оралады.
- Қазақстанда 27 моноқала бар.
Жаңалықтар

- 29 қараша — Дүниежүзілік көрме (2030) Эр-Риядта өткізілетін болды.
- 26 қараша — Дэвис кубогыныӊ финалында Италия Аустралияны жеӊді.
- 22 қараша — Солтүстік Корея ғарышқа әскери барлау жерсерігін сәтті ұшырғанын жариялады.
- 20 қараша — Хавьер Милей Аргентинаның жаңа президенті болып сайланды.
- 16 қараша — Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы 20 миллионға жеткенін хабарлады.
- 15 қараша — Теңге дизайны өзгерді және айналымға шыққанына 30 жыл толды.
30 қараша

Мейрамдар
Оқиғалар
- 1936 — Лондонда өрттің салдарынан белгілі хрустальді сарай өртеніп кетті.
- 1939 — кеңес-фин соғысы басталды. Кеңес Үкіметі Финляндияға соғыс ашып, оны тез аяқтаймын деп жоспарлаған еді. Алайда Қызыл Әскер Карель түбегіндегі фин бекінісін оңайлықпен ала алмады.
- 1955 — алғашқы кеңестік Антарктикалық экспедиция басталды.
- 1981 — Женевада КСРО мен АҚШ арасында Еуропадағы ядролық қарулануды шектеу жөнінде келіссөз жүргізіле бастады.
Туғандар
- 1667 — Джонатан Свифт, ағылшын жазушысы (1745).
- 1817 — Теодор Момзен, неміс тарихшысы, филолог және заңгер, 1902 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1835 — Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс дүниеге келді. Ол көпшілікке атақты Марк Твен деген атпен таныс.
- 1874 — Уинстон Черчилль, ағылшын саяси қайраткері (1965).
Қайтыс болғандар
- 1680 — Питер Лели (шын аты Питер Ван Дер Фас) (1618), голланд текті ағылшын суретшісі.
- 1900 — Оскар Уайльд (1854), Ирландия жазушысы.
- 1977 — Теренс Мервин Рэттиган (en:Terence Mervyn Rattigan) (1911), ағылшын жазушысы және сценарист.
- 1982 — Вилем Завада (en:Vilém Závada) (1905), чех ақыны.
Қараша айына ортақ жұмыс
Мына тақырыптағы мақала бастап, толықтыруға шақырамыз!
Қазақстандағы ірі көлдер мен ірі өзендер тізімі
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 6
Машиналық аудармалар саны: 48
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 0